Талдықорғанда 50 жастағы ер адам интимдік қызмет үшін төлем жасаудан бас тартып, 25 жастағы жігітке күш қолданып, оның iPhone телефонын тартып алған, деп хабарлайды Paryz.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап хабарлады.
«Тергеу мәліметіне сәйкес, Көксу ауданының тұрғыны жалдамалы пәтерге 25 жастағы жігітті шақырып, 15 мың теңгеге интимдік қызметке келіскен. Кейін қосымша қызметтер талап етіп, 50 мың теңге төлеуден бас тартқан. Осыдан кейін олардың арасында жанжал туындап, күдікті жәбірленушіні ұрып-соғып, оның телефонын алып, пәтерден шығып кеткен», — делінген хабарламада.
Оқиға қоғамда үлкен талқылау туғызды. Күдіктінің жұбайы мен балалары мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысқанымен, жәбірленуші келісімге келуден бас тартып, заң бойынша жаза талап етіп отыр.
Қылмыстық іс Талдықорған қалалық сотына жолданды. Тергеу барысында күдіктінің әрекеті жан-жақты қарастырылып, оған заң аясында жаза қолданылады.