Жамбыл облысында полицей өзіне қол жұмсап, мерт болды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Полиция қызметкері полиция бекетінде суицид жасаған. МӘН-ЖАЙ Оқиға Тараздан бес шақырым жердегі Жасөркен ауылында болған.
– 12 ақпанда 2003 жылы туған полиция сержанты ПМ табельдік тапаншасымен басынан атып тастады, - делінген ZTB жазбасында.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
Ұлысмедиа тілшісі облыстық полиция департаментінің пікірін сұрады. Ведомство бұл жайтты растады. - "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеудің толықтығына, объективтілігіне және жан-жақтылығына бағытталған барлық қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіледі. ҚР ҚІЖК нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды, дейді ПД өкілдері.