Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Стамбұлда мейрамханадан ішімдік ішкен Қазақстан азаматы қайтыс болды

Түркияның Стамбұл қаласындағы Эсенюрт ауданында Қазақстан азаматы Самат Иманбеков достарымен бірге ас ішкен мейрамханаға барып ішімдік сатып алған. Сөйтіп ол ішімдікті өзінің таныстарының көзінше ішіп отырып жан тапсырған, деп хабарлайды Paryz.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Стамбұлда мейрамханадан ішімдік ішкен Қазақстан азаматы қайтыс болды
Фото: Qaz365.kz

Өлімнің себебі жалған алкоголь болған деп болжануда. Айғақ беру үшін мейрамхана иесі Бурхан С есімді азамат қамауға алынды.

Ақпаратқа сәйкес, Иманбеков өзінің таныстары Әли Хайдар К. мен Аднан Б.-ны Эсенюрт ауданындағы мейрамханаға кешкі асқа шақырған.

Кешкі астан кейін ол келесі күні достары жұмыс істейтін шаштараздан ішуді көздеп, сол мейрамханадан бір бөтелке алкоголь сатып алды. 6 ақпан күні сағат 21:00 шамасында Иманбеков шаштаразға осы бөтелкесін ұстап келіп ішіп отырған.

Бірақ көп ұзамай ұйқысы келгенін айтып, еденге жатып қалған. Достары оны оятуға тырысады, алайда оның тыныс алмай жатқанын байқайды.

Оқиға орнына келген дәрігерлер Иманбековтың қайтыс болғанын растады. Полицейлер мән-жайды анықтау үшін мейрамхана иесін ұстады. Қазіргі уақытта өлімнің нақты себебі мен ықтимал кінәлілерді анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.