Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Қайнысы жеңгесінің жатын бөлмесіне кіріп, адам шошырлық әрекетке барған

Атырау облысныда ер адам жеңгесінің жатын бөлмесіне кіріп, оны балағаттап, терезесін сындырған, деп хабарлайды Paryz.kz

Қайнысы жеңгесінің жатын бөлмесіне кіріп, адам шошырлық әрекетке барған
Фото: Pixabay

Атырау облысының Исатай аудандық сотында құқық бұзушы Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Бұл оқиға 2024 жылдың желтоқан айында болған.

Құқық бұзушы Е. түнгі уақытта мас күйінде ағасының үйіне келіп, жеңгесін балағаттап, жатын бөлмесінің терезесін сындырып кеткен. Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады.

Сот қаулысымен Е. кінәлі деп танылып, оған әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.