Атырау облысында екі құрылысшы жұмыс барысында бесінші қабаттан құлап кетіп, біреуі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Оқиғаға қатысты Полиция департаменті жағдайды түсіндіріп, хабарлама таратты.
«20 қаңтар күні сағат 11:15-те қала аумағында орналасқан тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында екі жұмысшы 5 қабаттан құлаған. Оқиға салдарынан 43 жастағы ер адам ауыр жарақаттан оқиға орнында қаза тапты, ал 33 жастағы ер адам түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, қылмыстық іс бойынша кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.