Прямая трансляция

Астана

Астана

-27.03°C

Солтүстік Қазақстанда үй өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

Қайғылы оқиға бүгін таңертең Шал ақын ауданы Ступинка ауылында болған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Солтүстік Қазақстанда үй өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

Жеке тұрғын үйден өрт шығып, үш адам қаза тапты. Үйде тағы екі адам болуы мүмкін. Ауылдық округ әкімінің сөзінше, үйде ер адам мен оның бес баласы тұрған.

Жұбайы бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Әкелері балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Үйдегі ең кішкентай қыз бала 2-ші сыныпта оқиды. Қазір қызыл жалын ауыздықталған. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.