ҚБТУ өкілдері оқиғаға қатысты тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта құзыретті органдармен бірлесіп, өрттің себептерін анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан-Британ техникалық университеті студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолға алуда, – деп хабарлады университет әкімшілігі.
Сондай-ақ оқу сабақтарының форматы мен кестесіне қатысты ақпараттың жақын арада студенттерге хабарланатыны айтылды.