Алматы қаласынан 76 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды paryz.kz.
Жер сілкінсі 11 қаңтар күні сағат 16:15-те Астана уақытымен ҚР ТЖМ «Қазақ Ұлттық деректер орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай жерде жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында орналасқан.
«Жер сілкінісі ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 76 шақырым жерде орналасқан. Есептік қарқындылығы (баллмен): байқалмайды», - делінген хабарламада.
Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 3,8 құрады. Ал энергетикалық класы – 8,8.