Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Семейде шырша құру кезінде құлаған мұғалім сауығып шықты

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Семейде шырша құру кезінде құлаған мұғалімнің толық сауығып шыққанын айтты, деп хабарлайды paryz.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

Семейде шырша құру кезінде құлаған мұғалім сауығып шықты
фото: әлеуметтік желіден

Журналист министрге "Семейде шыршаны әрлеу кезінде жазатайым жағдайға тап болған мұғалім туралы сұрағым келеді. Әкімдік жауап берген кезде ерікті ретінде тартылған деді.

Бәлкім мұғалімдерді ерікті ретінде тартуға тыйым салу қажет шығар? Жалпы осы оқиғадан кейін құқықтық нормативтерге өзгеріс енгізіле ме?" деген сауал қойды.

«Маған мұғалімнің сауығып шыққаны туралы хабар жетті. Мен бұл мәселені бақылуымда ұстап отырмын. Жазалатын адамдар жазаланды. Бұл жағдай көбіне тиісті үлгі болуы керек», – деді Бейсембаев.

/Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев аталған мәселеге қатысты тапсырма бергенін айтады. 2019 жылы қабылданған заңның аясында мұғалімдерді қандай да бір қосымша, өзінің мамандығына сәйкессіз жұмыстарға тартуға болмайды.

«Осы заң орындалуы қажет. Екіншіден, бұл заң жергілікті өңірлерде қаншалықты орындалып жатыр деген сұрақ. Қазіргі таңда жергілікті департаменттер аталған мәселеге қатысты тексеріс жүргізуде», – дейді Ғани Бектайұлы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Вице-премьер Тамара Дүйсенова да әріптесінің сөзіне қосылды.

«Мұғалімнен басқа да мамандықтар болсын, өзінің профиліне сәйкес емес жұмыстарға тарту - заңсыз», – деп қосты ол.