Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Атырауда жас жігітті үйінің алдында өлтіріп кеткен

Құрманғазы ауданы Жаңаауыл ауылында 29 жастағы жігіт кеудесіне тиген оқтан оқиға орнында қайтыс болған, деп хабарлады paryz.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Атырауда жас жігітті үйінің алдында өлтіріп кеткен
Фото: Halyq Uni

Қылмыс болған күні оң қолына оқ тиген және пышақ жарақатымен үш жігіт медициналық көмекке жүгінген. Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысының сөзінше, қылмыс таныс адамдар арасындағы кикілжіңнен басталған екен.

«Құрманғазы ауданында орын алған адам өлтіру және бұзақылық дерегіне қатысты қазір сегіз күдікті ұсталды. Адам өлтіру дерегімен 30 жастағы күдікті, бұзақылық деректеріне жол берді деген жеті күдікті қамауға алынған. Қазір аудандық полиция бөлімімен кешенді тергеу амалдары жүргізілуде», – дейді ол.