Орал қаласында колледж студентінің мүрдесі табылды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 1 қаңтар күні болды.
- Алдын ала мәліметке қарағанда, студент өзіне-өзі қол жұмсаған. Қазіргі кезде оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.