Алматыдан солтүстік – шығысқа қарай 192 шақырым жерде жер сілкінді, деп хабарлайды Paryz.kz.
ТЖМ мәліметінше жер сілкінісі 2 қаңтар күні сағат 17:13-те тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы – Қазақстан аумағы, Алматы қаласынан солтүстік – шығысқа қарай 192 шақырым жерде болған. Жер сілкінісі 2 балды құраған.
Жер сілкінісі Алматы облысының Шонжы, Көкпек, Шелек елдімекендерінде, Жаркент қаласында, Жетісу облысының Сарыөзек ауылында сезілген.