Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Алматыда муай-тайдан әлем чемпионын өлтіріп кетті

Муай-тай федерациясы 20 жастағы Әли Серіктің қаза болғаны туралы ақпаратты растады,деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда муай-тайдан әлем чемпионын өлтіріп кетті
фото: әлеуметтік желіден

Бұған дейін Алматы полициясы 20 жастағы жігіттің өлімі туралы айтқан болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, таныс жігіттер арасында жанжал шығып, нәтижесінде олардың бірі пышақ қолданған.

"Алматы қаласынан қаралы хабар келді. Муайтайдан ересектер арасында әлем чемпионы Серік Али бұзақылар қолынан қаза тапты. Чемпионымыздың отбасына, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтымыз. Бекем болыңыз", - деп мәлімдеді Қазақстанның муай-тай федерациясы.

2022 жылы Серік Әли 51 келі салмақта муай-тайдан ересектер арасындағы ең жас әлем чемпионы атанып, халықаралық спорт шебері атағын алды.