Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Атырауда 5 жастағы баланың басы орындыққа қысылып қалған

23 желтоқсан күні Атырау қаласының құтқарушылары орындыққа басын қысып алған бес жастағы балаға көмектесті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.


Атырауда 5 жастағы баланың басы орындыққа қысылып қалған
ТЖД

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, Атырауда 2019 жылы туған бала ойнап жүріп басын орындықтың арқалығына қысып алған. Баланың басын орындық арқасынан өздігінен шығара алмаған ата-анасы 112 нөміріне хабарласқан.

«Құтқарушылар қыстырылып қалған баланың басын бірден «Holmatro» құралы көмегімен босатты», – делінген хабарламада.