Салдарынан 30-ға жуық жеке тұрғын үй жарықсыз қалды.
Павлодарда шынжыр табанды кран құлап, іргесіндегі көлікті зақымдап, электр желісін үзді, деп хабарлады paryz.kz.
Instagram желісінде жарияланған видеода құлаған кранның астында ақ түсті Lada Priora көлігі қалып қойғанын көруге болады.
Оқиға кеше, яғни 13 наурызда 17.15-те Павлодар қаласындағы жекеменшік мекемеде болған. Құрылыс жұмысы кезінде шынжыртабанды кран құлап, электр желісі үзілген.
"Салдарынан 30-ға жуық жеке тұрғын үй жарықсыз қалды. 21.50-де жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталды. Оқиға орнында 5 қызметкер мен бір техника жұмыс істеді", - деп мәлімдеді Павлодар облысының ТЖД баспасөз қызметі.
Апат салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.