Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Шымкентте қайғылы жағдай болды

Аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шымкентте қайғылы жағдай болды
Тжд

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, жеке тұрғын үйде болған өрттен Түркістан облысы тергеу соты төрағасының бұрынғы жұбайы қайтыс болған. Оқиға орнынан керосин мен банкалар табылған. Аталған жағдайға байланысты ақпарат таратқан Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрттің болғанын растады. Салдарынан үш адам уланумен ауруханаға жатқызылса, оқиға орнынан 52 жастағы әйелдің мәйіті табылған.

— Алмахан қажы көшесінде орналасқан тұрғын үйдің 100 шаршы метр алаңында өрт болды. Өрт сағат 06:44–те оқшауланып, 06:59–да толығымен сөндірілді. Аталған өрт оқиғасының мән-жайы Шымкент қаласы полиция департаментінің Абай аудандық полиция басқармасымен анықталуда, - делінген ведомства ақпаратында.

Ал, полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалғандығын хабарлады.

— Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр. Іс бойынша тергеу барысы Шымкент қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды, - делінген ақпаратта.