Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Туған-туысын көруге асыққан»: Қостанай облысында қаза тапқан мұғалімдер туралы тың дерек шықты

Қостанай облысында көлік апатынан көз жұмған мұғалімдер туған-туыстарын көруге асыққан, деп хабарлайды paryz.kz.

«Туған-туысын көруге асыққан»: Қостанай облысында қаза тапқан мұғалімдер туралы тың дерек шықты
фото: видеодан скриншот

16 желтоқсанда Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тасжолында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапқан еді, оның екеуі педагог болып шықты. 

«Мұғалімдер мейрам күні ағайын-туғанымен көрісуге жол тартқан», - деді Қостанай облысы білім басқармасынан. 

Еске салайық, Қарасу ауданы Герцен ауылынан 10 шақырым жерде Volvo мен Toyota Alphard көліктері соқтығысқан. Апаттан үш жолаушы қаза тауып, тағы үшеуі Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды. Қостанай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі ЖКО-да мұғалімдердің қаза тапқанын растады. 

«16 желтоқсанда Қостанай облысының аумағында жол апатынан екі педагог қаза тапқанын қайғыра хабарлаймыз. Қостанай ауданы Заречный мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, сондай-ақ Алтынсарин ауданы Үлкен-Чураков жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тасжолында апаттан қаза тапты. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз», - деді облыстық басқармадан.