Алматы обылысы Кызыл Қайрат ауылындағы жұмыс істемей тұрған зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Алматы облыстық Полиция департаменті аталған фактіні растады.
– 56 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Талғар аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды– деп хабарлады ведомстводан.
Қазір оқиғаның мән-жайын объективті анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, денеде зорлық-зомбылық іздері табылған жоқ.