Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Жігітіне «Албанмын» деген: Мақпал Жүнісова қызы Мерейге ата-анасы туралы шындықты қалай жеткізгенін айтты

Өнер иесі журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында 20 жыл бұрынғы шындықты айтқан, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жігітіне «Албанмын» деген: Мақпал Жүнісова қызы Мерейге ата-анасы туралы шындықты қалай жеткізгенін айтты
фото: әлеуметтік желіден

“Зәкең екеуміз қосылғаннан кейін, арамызда бала болмады. Сол жылы қатты күйзеліп жүрдік. Мен де шаршап кеттім. Зәкең де шындықты айтамын деп, біраз адамдармен ерегесіп қалды. Бір күні менің бауырым үшінші рет қыз туған келінімізді үйден қуып жібермек болыпты. Сол хабарды Зәкеңе “Құдай бізге бала бермей жатыр, мыналар берген баланы қабылдамай жатыр” деп айттым. Ол кісі сол күні ұшып барып, “Мына қызды біз бауырымызға саламыз” деді. Мерей үйге қалай келді, солай өміріміз шуаққа айналды. Бауырымның баласы ауыр болған жоқ. Өзім туғандай бағып, өсірдім. Аппақ ешкі сатып алып, соның сүтін сауып бердік. Аулаға ешкі бағып, жағдайын жасаған да күндер болды”, – деді әнші. 

Әншінің айтуынша, марқұм саясаткер қызына шындықты 18 жасқа толғанда айтамыз деп уәде берген. Алайда ол күнге жетпеген.

“Ол шындықты не үшін айттым?! Қыз өсті. Оның үстіне Зәкең көзінің тірісінде "Мерей 18-ге келгенде өзім айтамын" деген. Сол кісінің аузынан шыққан сөз. Қыз 18-ге толды, мен айта алмадым. 19 жасында да айта алмадым. 20-ға жақындағанда айттым. Сол кезде ол жігіттермен кездесуге барады, танысады. Сосын келіп, руларын айта бастайды. Бір күні жігітіне “Албанмын” депті. Ол – өтірік қой. Арғынның қызы, қаракесек. Сол кезде шындықты айтуға бекіндім. Өз тегін, руын білсін деп ойладым. Ертең күйеуге шыққанда өтіріктен бастай ма деген ойлар да кетті. Зәкең айтамын деген, енді өзім айтуым керек деп шештім. Содан кейін ана жақтағы балалар оған хабарласып мазалай бастады. Сол себепті маған шындықты айту керек болды", – дейді халық әртісі.