Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ақтөбеде 3 жасар қызды көлік басып кетті

Ақтөбеде аулаға жүгіріп шығып, ойын алаңына қарай беттеген 3 жасар қыз көлік астына түсіп қалды. Рөлде болған адам ішімдік ішпеген.

Ақтөбеде 3 жасар қызды көлік басып кетті
Фото: Kazinform

Оқиға Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабында болды. 

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 жастағы жүргізуші ішімдік ішпеген.

— 1 желтоқсан күні сағат 15:20–да Toyota көлігінің жүргізушісі 2021 жылы туған қыз баланы қағып кетті. Қазіргі кезде бала ауруханада. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр, — деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде көлік айып тұрағына қойылды. Ал дәрігерлер баланың жағдайы туралы айтты. 

— Ауруханаға әкелген бойда қабылдау бөлімінен соң реанимация және қарқынды емдеу бөліміне жатқызылды. Жалпы жағдайы дұрысталғаннан кейін травматология бөліміне ауыстырылды. Жағдайы ауыр. Бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы бар. Жамбас сүйегі сынған. Баланың қасында анасы бар, — деді облыстық көпсалалы балалар ауруханасының травматолог дәрігері Қуантай Махамбетов.