Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды paryz.kz.
«ҚР ТЖМ „Сейсмологиялык зерттеу институты“ ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 25 қарашада Астана уақытымен 23 сағат 45 минутта Жетісу облысында жер сілкінісін тіркеді. Сезілетіндігі туралы мәліметтер нақтылануда», — деп жазды министрлікті баспасөз қызметі.
Жер сілкінісі бір уақытта еліміздің бірнеше қаласында сезілген
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше: Алматы 2 балл, Жаркент қаласы 4 балл, Чунджа ауылы 3 балл, Текелі 3, Қырғызсай ауылы 2 балл, Қарабұлақ кенті 2 балл, Жансүгіров ауылы 2 балл, Көкпек ауылы 2 балл, Сарқант қаласы 2 балл, Талдықорған қаласы 2 балл.