Павлодардың қақ ортасында болған жол-көлік апатынан кәмелет жасына толмаған қыз бала көз жұмды. Тағы екі жасөспірім түрлі жарақат алған. Оның бірі жансақтау бөлімшесінде жатыр.
Облыс орталығындағы Назарбаев даңғылында жол-көлік апаты болып, салдарынан 16 жасар қыз бала қайтыс болып кетті. Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенова хабарлады.
— Түнгі уақытта Назарбаев даңғылында жантүршігерлік жол-көлік апаты болып, 16 жасар жолаушы қыз бала оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі кәмелет жасына толмаған жасөспірім зардап шеккен. Оның бірі — 15 жасар қыз бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімшесінде жатыр. Ал 14 жасар ер бала өміріне қауіп төндірмейтін жарақаттармен емдеу ұйымына жеткізілді», - деп мәлімдеді С. Шәкенова.
Апат кезінде кәмелет жасына толмағандардың жанында заңды өкілдері болмаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.