Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қостанай облысындағы кәсіпорын аумағында жұмысшы көз жұмды

Қостанай облысындағы кәсіпорын аумағында бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қостанай облысындағы кәсіпорын аумағында жұмысшы көз жұмды
Фото: Pixabay

Қайғылы оқиға 2024 жылғы 22 қарашада «Качары Руда» АҚ аумағында болды. Вахталық көліктің жүргізушісі әкімшілік-тұрмыстық корпустың алдында қозғалыс бастап, маневр жасағанда басқа вахталық көліктің жүргізушісін басып кетті. Қызметкер алған жарақатынан көз жұмды.

«Качары Руда» АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына көңіл айтады және барлық қажетті қолдау көрсетеді. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.