Құралай Нұрқаділова Instagram парақшасында Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі, өзінің анасы — Нұрбикенің қайтыс болғаны туралы жазды, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Бүгін түнде еліміз үшін маңызды тұлға өмірден өтті. Ол – Заманбек Нұрқаділовтің қалыптасу жылдарында серігі болған әйел. Саясатта ақылды, білімді және сауатты Нұрбике Ілімбайқызы. Сонымен қатар, өте қарапайым және зиялы жан еді. Ол туралы көп айтуға болады. Менің анамның даналығына оны танитын әрбір адам тәнті болатын. Иманды бол, анашым, қолымнан келгеннің бәрін жасадым!» – деп түйіндеді сөзін.
Нұрбике Нұрқаділова 79 жасында өмірден өтті.