Доллар курсы бір айда шамамен 19 теңгеге қымбаттады. Қазір Астанадағы ақша айырбастау орындарында 500 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды paryz.kz.
Алматыдағы айырбас орындарында ең қымбаты 499,7 теңге деп тұрса, Астанада бүгін 500 теңгені бағындырды.
Ұлттық банк кестесінде 22 қазан күні АҚШ валютасының құны 481,68 теңге болған еді.
Содан бері баға тұрақты көтеріліп, қазіргі ресми бағам 495,95 теңге болып тұр. Ал нарықта одан біраз қымбатқа сатылып жатыр.