Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Жамбыл облысында полицей әріптесіне оқ атты

Жамбыл облысында полицейдің әріптесіне оқ атуына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Paryz.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында полицей әріптесіне оқ атты
фото: Halyq Uni

«2024 жылдың 16 қарашасында қызметтік автокөлікпен аумақты патрульдеу кезінде полиция қызметкері абайсызда әріптесінің арқасынан оқ атқан. Салғырттық салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соққан осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ жәбірленушінің Қордай аудандық ауруханасына жатқызылғаны хабарланды.

Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіп жатыр.