Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

7 адам қаза тапты: Қарағанды облысында қайғылы жағдай болды

Қарағанды облысында көлік апатынан 7 адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды paryz.kz.

7 адам қаза тапты: Қарағанды облысында қайғылы жағдай болды
фото: ПД

Қайғылы оқиға бүгін сағат 10.00 шамасында «Алматы-Екатеринбург» тас жолында Құрма ауылының (2 шақырым жетпей) маңында болған. Алдын ала болжам бойынша Toyota Alphard жүргізушісі көлік тізгініне ие болмай аударылған. Көлік апаты салдарынан оқиға орнында жүргізуші және 6 жолаушы көз жұмды. Сондай-ақ 12 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді, - деп жазылған Қарағанды облысы ПД таратқан хабарламада.

 Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция жүргізушілерден жол жүру ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.