Хромтау ауданындағы Дөң тау-кен байыту комбинатының аумағында жұмысшы мерт болды. Ол биіктен құлап кеткен.
Ақпарат комбинаттың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.
Оқиға 4 қараша күні болған. «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы- Дөң тау-кен байыту комбинатында монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер ұйымның қызметкері биіктен құлап кетті. Компания оған кәсіби медициналық көмек көрсету үшін бар күшін салды.
Оның өмірі үшін дәрігерлер бірнеше күн бойы күресті. Өкінішке қарай құтқару мүмкін болмады. Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Кәсіпорын ұжымы марқұмның туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады,- деп жазылған хабарламада.