Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Тағы бір әскери қызметкер көз жұмды

7 қарашада Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қайтыс болды, - деп хабарлайды Paryz.kz Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

Тағы бір әскери қызметкер көз жұмды
Фото: Kazinform

Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі – суицид. Полиция органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Айта кетейік, жуырда ОКҚ брифингінде Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Руслан Омаров Қазақстан әскерінде әлімжеттік жоқ екенін мәлімдеді.

"Қазір әскерде "дедовщина" жоқ екенін түсіну керек. "Дедовщина" ұғымы аға және кіші шақырушылар арасындағы келіспеушіліктерді білдіреді. Қазір қарулы күштер мен басқа да әскери қызметтерде әскерге шақырылушылардың бір ғана өкілдері шұғыл қызмет атқарып жатқанын ескерсек, "дедовщина" туралы сөз қозғамауымыз керек", - деді Омаров.