Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Алматыда жер сілкінді

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда жер сілкінді
Фото: aa.com.tr/ru

«ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 5 қарашада Астана уақытымен 10 сағат 1 минутта Алматы облысы мен Алматы қаласында жер сілкінісін тіркеді. Сезілетіндігі туралы мәліметтер нақтылануда»,- деп жазды министрлікті баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ. Android телефондарына келген хабарламда Алматыда 4.5 балл қуатымен сезілді делінген.

«Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станциялар желісінің дерегінше, зілзала ошағы Алматы қаласынан 33 шақырым жерде, шығысқа қарай орналасқан»,- деп хабарлады ведомстводан. 

Сондай-ақ зілзаланың күші Алматыда 3, Талғарда — 4, Есік қаласында — 4, Түрген ауылында 3, Өтеген батыр ауылында 3, Боралдай ауылында 2, Маловодное ауылында, С. Ж. Қайыпова ауылында 2, Алатау қаласында (Жетіген) 2, Қарасай қаласында (Қаскелең) 2 балл болғаны айтылған хабарламада. 

Осыған дейін Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми зерттеу және жобалау институтының өндіріс жөніндегі басқарушы директоры, техника ғылымдарының кандидаты Ералы Шоқбаровтың «елде қазір салынып жатқан көпқабатты үйдің бәрі қауіпсіз» деген пікірін берген едік.