Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қарағандыда пәтерден бөлшектелген мәйіт табылды

Күдікті денені қоқысқа лақтыруға әзірлеген.

Қарағандыда пәтерден бөлшектелген мәйіт табылды
фото: ашық дереккөз

Қарағандыда Университетская көшесіндегі пәтерлердің бірінде зорлық-зомбылық белгілерімен 36 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлады paryz.kz, Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары кезінде күдікті ұсталған. Оның 33 жастағы қала тұрғыны екені анықталып отыр. Ол танысымен пәтерде ішімдік ішіп отырып, сөзге келіп қалғанын, жанжалдың соңы адам өлтірумен аяқталғанын айтқан.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Бірқатар БАҚ мәйіт бөлшектелгенін жазуда. Күдікті денені қоқысқа лақтыруға әзірлеген. Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес ("Адам өлтіру") қылмыстық іс тіркелді.