Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Әулиекөл ауданына қарасты Новонежин және Жусалы ауылдарының арасында болған, деп хабарлайды paryz.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
фото: видеодан скриншот

59 жастағы TANK көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, ВАЗ-2112 көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан 4 адам оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Ал TANK көлігінің жүргізушісі мен жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді. Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

«Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жалпы, жыл басынан бастап 966 жол-көлік апаты тіркеліп, 54 адам қайтыс болған. Мыңға жуық адам жарақат алды», - деді жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Эльмира Спандиярова.