Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Алматы облысында жол-көлік апаты болды (ВИДЕО)

"Паз 3206" автобусы айналып, солға қарай бұрылғысы келген. Ол бас жолмен келе жатқан. Алайда бұрын керісінше болған. Содан көлік жүргізушілерінің көбі шатасады. 

Алматы облысында жол-көлік апаты болды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Алматы облысында жеңіл көлік пен автобус соқтығысты. Оқиға салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлады paryz.kz.  

Жол апаты бүгін таңғы сағат 08:00-де болған. "Талғар - Ақбұлақ" тасжолымен келе жатқан Mitsubishi Galant жүргізушісі "Паз 3206" автобусын өткізбеген. Жолаушылар көлігі оны бүйірінен соғып, мыжырайтып тастады. 

Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы тарады. Оқиға орнында Mitsubishi Galant-тың 41 жастағы жүргізушісі көз жұмды. Одан басқа жарақат алған адам жоқ. Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі ("Көлiкті асқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ал желі қолданушылар жол апаты болған қиылысты сынға алды. Себебі Mitsubishi Galant көлігі жүрген жол түзу болса да, екінші дәрежелі саналады. Ол автобусты өткізуі керек. Ал "Паз 3206" автобусы айналып, солға қарай бұрылғысы келген. Ол бас жолмен келе жатқан. Алайда бұрын керісінше болған. Содан көлік жүргізушілерінің көбі шатасады.