Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Бокстан ұлттық құрама бапкерін атып кетті

Бішкектегі бокс залдарының бірінде ұлттық құрама жаттықтырушысы Жылдызбек Ниязалиев пен оның көмекшісіне оқ тиіп, жарақат алды. Бір адам қаза тауып, екеуі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген, – деп хабарлайды Paryz.kz сайты 24.kg-ға сілтеме жасап. 

Бокстан ұлттық құрама бапкерін атып кетті
Фото ©️ vesti.kg

Қанды оқиға кеше кеште болған. Қырғызстан ІІМ таратқан ақпарат бойынша, жуырда ғана қамаудан шыққан бұрынғы төреші Мұқаш Ырсалиев Жылдызбектен кек алу үшін келген.

Құрама бапкерімен қаржылай келіспеушілік болған. Жылдызбектің арызы бойынша Мұқаш қамауға алынған. 

Залдағы кездесу кезінде Мұқаш "Сайга" қаруымен жаттықтырушы мен көмекшісіне оқ атқан. Жанталасқан сәттегі қарбаласта шабуылдаушы Мұқашқа оқ тиіп, оқиға орнында қаза тапқан. Жаттықтырушылар ауруханаға жеткізілді.

Дереккөз ақпараты бойынша, бокс залы бокстан әлем чемпионы, Жоғарғы Кеңестің бұрынғы депутаты Орзубек Назаровқа тиесілі болған.

Ол тілшілерге берген сұхбатында қауіп жайлы білмегенін айтады. Ырсалиев тарапынан қандай да бір қауіп-қатер болғаны туралы білмеймін, сондықтан бұл туралы ештеңе айта алмаймын.

Оқиға туралы әлеуметтік желілерден білдім. Жанжал бұрын шешілген сияқты еді. Мұқаш Ырсалиевпен жақын араласқан жоқпын, тек төрешілік істер бойынша таныспын. Оны жақсы адам ретінде сипаттай аламын. Ол әрқашан көмектесіп, турнирлер ұйымдастырып жүретін, — дейді Орзубек Назаров.

Атыс кезінде залда жаттығып жүрген балалар да болған. Маған тұрғындар қоңырау шалды, мен бірден келдім. Ішке кіргенде, ауыр көріністі көрдім. Залда балалар болды, ал атыс бапкерлер бөлмесінде басталған. Құдайға шүкір, балаларға зиян келген жоқ, — дейді ол. 

Аталған факті бойынша Бішкек қаласы Октябрь ауданы ІІБ тергеу қызметі Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабы "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, бастапқыда Қырғызстанның ақпарат құралдары жаттықтырушы Жылдызбек Ниязалиевтің қайтыс болғаны жайлы жазған. Кейіннен жансақтау бөлімінде жатқаны айтылды.