Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Алматыда 66 жастағы әйел күйеуін тірідей өртеп жіберді

Алматыда 66 жастағы зейнеткер күйеуін тірідей өртеп жіберді. Жантүршігерлік жағдай екі күн бұрын Медеу ауданының Кербұлақ көшесінде тұратын ерлі-зайыптылардың стенде болған, деп хабарлайды Paryz.kz Аlmaty.tv-ға сілтеме жасап.

Алматыда 66 жастағы әйел күйеуін тірідей өртеп жіберді
фото: s13.ru

Ер адам үшінші дәрежелі күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Алайда ауыр халде болған ол бүгін таңертең көз жұмды. Алдын ала деректер бойынша, ішімдік ішіп, масаң күйде болған әйел күйеуіне керосин шашып, от жағып жіберген. Қазір оның мұндай қадамға не себепті барғаны анықталып жатыр.

 Күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда. Полиция сұмдық жайттың мән-жайын тергеуге кірісті. Ал қала прокуратурасы қылмыстық істі жеке бақылауына алғанын мәлімдеді.

Медеу аудандық полиция басқармасы кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мән-жайлар анықталып жатыр, - деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.