Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Алматыда көпқабатты үйден құлаған 19 жастағы қыз көз жұмды

Алматыда көпқабатты үйден құлаған қыз қайтыс болды. Қайғылы оқиға кеше түнгі уақытта болған.

Алматыда көпқабатты үйден құлаған 19 жастағы қыз көз жұмды
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Қайғылы оқиға кеше түнгі уақытта болған. Желідегі мәлімет бойынша, 19 жастағы қыз 14 қабаттан құлаған. Оқиға Алматыдағы «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде болған.

Алматы қаласы Полиция департаменті аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғады.

– Осы дерек бойынша Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жас жігіт көпқабатты үйден секіріп кеткенін жазғанбыз.