Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Алматылық танымал блогер көз жұмды

Алматыда танымал аспаз әрі блогер Бага Демалыс қайтыс болды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде оның жақындары мен достары хабарлады.

Алматылық танымал блогер көз жұмды
фото: әлеуметтік желіден

«Кеше біз жақын досымыз Бага Демалыстан айырылып қалдық. Бага қаламыздың әрбір тұрғыны үшін туысындай болды, оның жымиған күлкісі мен мейірімді жүрегі біздің есімізде мәңгі сақталады», - деп жазды режиссер Қанат Бейсекеев Instagram-дағы парақшасында. 

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі белгілі блогердің қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады. Бұл факт бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы 105-бап (өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.