Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Астанада балабақшада 4 жасар баланың басынан темір орындықпен ұрған

Астанада балабақшада төрт жасар баланың басы зақымдалып, ауруханаға жеткізілген. Деректерге сүйенсек, оның басынан өзге тәрбиеленуші бүлдіршін орындықпен ұрған, деп хабарлайды

Астанада балабақшада 4 жасар баланың басынан темір орындықпен ұрған
фото: видеодан скриншот

Оқиға «Медина» балабақшасында болған. Сәбидің анасының айтуынша, ол 24 қыркүйекте таңертең ұлын балабақшаға апарған. Ал 9:41-де тәрбиеші ұлының басын ұрып алғанын айтып хабарласқан.

Анасы балабақшаға келгенде, ұлының басындағы ашық жарақатты көріп, шошып кеткен. 10-15 минуттан кейін «жедел жәрдем» келіп, баланы ауруханаға жеткізіп, жарақаттанған жерін тіккен. Кейін ұлдың анасы бейнебақылау камераларынан қарауды талап еткен. Басқа кішкентай баланың ұлының басынан темір орындықпен ұрып жатқан сәті видеоға түсіп қалған. Бұдан соң әйел видеодан тәрбиешілердің дөрекі және қатыгез қарым-қатынасын да көргенін айтты.

 «Анасы бастапқыда жағдайды түсінуге тырысты. Бірақ видеоны көргеннен кейін әділеттілікті талап етті», - делінген хабарламада.

Балабақша өкілдері оқиғадан соң ақшалай көмек ұсынып, кешірім сұраған. Бірақ анасы кінәлілердің жауапқа тартылғанын қалайтынын айтады. Ол материалдық көмектен бас тартқан. 

Сондай-ақ соққының салдары ұлының денсаулығына әсер етуі мүмкін екенін жеткізді. Себебі бала бұған дейін сөйлемей, тек ым-ишарамен түсіндіріп жүрген. Келесі күні баланың атасы тәрбиешілерге ашуланған. Ал баланың інісін балабақшадан шығарып алды деп болжануда. 

«Бүгінгі таңда балабақша тәрбиешісі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 49-бабына сәйкес 25 қыркүйектен бастап жұмыстан шығарылды», - деп түсіндірді ведомство.