Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

СҚО-да 68 жастағы танымал кәсіпкер кішкентай қызбен жыныстық қатынасқа түскен

Солтүстік Қазақстан облысында танымал кәсіпкер Небиюлу Сағандықов қыз зорлағаны үшін 13,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

СҚО-да 68 жастағы танымал кәсіпкер кішкентай қызбен жыныстық қатынасқа түскен
Фото: malim.kz

Кәсіпкердің жасы 68-де. Ол өзіне тағылған айыпты мойындамай отыр.

"2021 жылдың наурызы мен 2022 жылдың жазында зейнеткер С. 16 жасқа толмаған Б. -мен жыныстық қатынасқа түскен, жыныстық сипаттағы басқа да әрекеттер жасаған", – деді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сотталушы кінәсін мойындамады. Тағылған айыпты жоққа шығарған. Алайда оның кінәсін тек куәгерлер ғана емес, сонымен қатар сот сараптамаларының қорытындылары, заттай айғақтар және істің басқа материалдары дәлелдеді.

"Сот үкімімен С. қылмыстық кодекстің 122-бабы 3-тармағы (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау) бойынша 13 жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Жазасы орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеледі. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", –делінген хабарламада.