Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Таеквондодан екі дүркін әлем чемпионы атанған спортшы өмірден өтті

Пара таеквондодан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Өміралі Нышан Елубайұлы өмірден озды.

Таеквондодан екі дүркін әлем чемпионы атанған спортшы өмірден өтті
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы мәлімдеді. Нышан Жамбыл облысының тумасы.

Ол 17 жасынан спортпен айналысып, бүгінгі күнге дейін екі дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионы, Азия ойындарының және көптеген халықаралық жарыстардың жүлдегері, Токио-2020 және Париж-2024 Паралимпиада ойындарының қатысушысы болып келді.

Нышанның артында жары мен үш баласы қалды. Ағайын, туған -туыстары мен барша жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.