Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Елордада әйелдің басына лифтінің плиткасы құлап, миы шайқалды

Елорда тұрғынының басына көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісіндегі лифтінің тақтайшасы құлаған. 

Елордада әйелдің басына лифтінің плиткасы құлап, миы шайқалды

Желідегі жазбаға сенсек, оқиға «Бұқар жырау» тұрғын үй кешенінде болған. Қазір жарақат алған әйел ауруханада жатыр.

«27 қыркүйек күні жедел медициналық жәрдем бригадасы 1978 жылы туған әйел адамды № 1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізді. Бейінді дәрігерлердің тексеруінен кейін науқастың миы шайқалғаны (бастың шеке аймағы жұмсақ тіндерінің көгеруі) белгілі болып, ауруханаға жатқызылды. Пациенттің қазіргі жағдайы бірқалыпты», — дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен. Astanovka98 

Осы жайт бойынша елорданың полиция департаментінен қандай шешім қабылданып, іс қозғалғаны туралы ақпарат сұраттық.

Еске салсақ, елордада бірер жыл бұрын осыған ұқсас оқиға болған еді. Көпқабатты үй шатырынан металл конструкция құлаған, салдарынан 56 жастағы әйел түрлі жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті.