Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Ақмола облысында жанып жатқан пәтерге кірген зейнеткер қайтыс болды

Ақмола облысының Щучье қаласында көппәтерлі бір қабатты тұрғын үй өртеніп, 83 жастағы қария қайтыс болды.

Ақмола облысында жанып жатқан пәтерге кірген зейнеткер қайтыс болды
Фото: ТЖД

«Өрт кезінде пәтерде әйел және оның 83 жастағы анасы болған. Түтіннен олар сыртқа шыққан. Алайда, белгісіз себептермен қария жанып жатқан үйге қайта кірген. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қарияны сыртқа алып шыққаннымен, ол көп ұзамай көз жұмды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деп түсіндірді Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінен.