Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Павлодар облысында сатушы қыз қарулы қарақшының бетін қайтарды (ВИДЕО)

Екінші әрекеті сәтті болып, Павлодар дүкенінен 120 мың теңге алып кеткен. 

Павлодар облысында сатушы қыз қарулы қарақшының бетін қайтарды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Павлодар облысының Кенжекөл ауылында қыз қарулы қарақшыға дүкеннің кассасынан ақша алуға рұқсат бермеді, деп хабарлады paryz.kz.

Әлеуметтік желілерде тапаншамен қаруланған жігіттің Кенжекөл ауылындағы дүкенді тонамақ болған видеосы тарап жатыр. Алайда сатушы әйел өз өмірін қатерге тігіп, қарақшыға жиналған ақшаны алуға жол бермеген.

Полицейлер күдіктіні сол күні ұстаған. Кенжекөлдегі сәтсіз тонау әрекетінен кейін ол Павлодардағы дүкенге көз салған. Екінші әрекеті сәтті болып, Павлодар дүкенінен 120 мың теңге алып кеткен.

"Қылмыс бір сағаттың ішінде ашылды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Павлодар облысының 22 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол бұрын сотты болмаған. Ұрланған қаражат тәркіленді", - делінген Павлодар облыстық ПД хабарламасында.

Оған қатысты "Тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 3 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.