Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Алматыда жаппай төбелес болды

Telegram-арналардың біріне Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде төбелес болды деген ақпарат жарияланды. Төбелестің болғанын Алматы қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда жаппай төбелес болды
фото: Sputnik/Анна Соловьева

Бостандық аудандық полиция басқармасы 20 жас азаматтың қатысуымен болған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Қақтығысқа қатысқандардың барлығы ұсталып, полицияға жеткізілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі. 

Одан кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдері бұл оқиғаның оқу орнының аумағында болмағанын хабарлады.

Бостандық ауданы ПБ-ның хабарлауынша, оқиға 2024 жылғы 24 қыркүйекте сағат 02:52-де Попов, Бальзак көшелерінің қиылысында болған.

«Тараптар арасындағы кикілжің Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағынан тыс жерде тіркелді», - деп түсіндірді ҚазҰУ баспасөз қызметі.