Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Астанада оқушылар бір қызды жабылып ұрып-соққан

Астанада 14 жастағы қызды мектеп оқушылары 1,5 жарым сағат бойы ұрып-соғып, қорлаған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астанада оқушылар бір қызды жабылып ұрып-соққан
Фото: Halyq Uni

«НеМолчи» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәріге қызы бұзақылардан таяқ жеген ана хат жазған. Айтуынша, 25 тамызда 6 қыз жәбірленушіні қараусыз қалған камерасыз ғимаратқа алып барып, аяусыз ұрған. Содан кейін оны видеоға түсіріп, өздерінен кешірім сұратып, мазақ қылған. Камера орнатылған аумақтарда құрылғыны бешпенттерімен көлегейлеп қойған. Кейін қыздың видеосын көрші балаларға таратқан. Жәбір көрген қыз бүкіл қорлықтан кейін биік ғимараттың 30-қабатына көтеріліп, секіріп кетуге оқталған. Ол жарты сағат бойы шатырда тұрып, кейін райынан қайтып, үйіне оралған. Қыз бала құрбысына хабарласып, болған жайтты айтып береді. Келесі күні анасына да айтады. Жәбірленушінің анасы дереу Алматы аудандық полиция басқармасына арыз жазып, бүкіл бейнежазбаны қаратқан, - деп жазылған желідегі жазбада.

Қыздың анасы мен заңды қорғаушысының мәлімдеуінше, полицияға арыз жазылғанмен, тергеу жүріп жатқан жоқ.

Іс тоқтап қалған. Қыз баланы 5 күн өткеннен кейін ғана сараптамадан өткізген. Дина Таңсәрі Бас прокуратура мен Бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны осы іске назар аударуға шақырды.