Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Алматыда екі күнде екі зейнеткерді автобус қағып кетті

Алматының қоғамдық көліктерінен екі зейнеткер зардап шекті. Жол-көлік оқиғаларының бірі – Алмалы, екіншісі – Бостандық ауданында болған.

Алматыда екі күнде екі зейнеткерді автобус қағып кетті
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Жол-көлік оқиғаларының бірі – Алмалы, екіншісі – Бостандық ауданында болған. Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы аялдамада тұрған 1938 жылғы зейнеткерді автобус қағып кеткен.

– Жеке тасымалдаушыға тиесілі №118 автобустың жүргізушісі Абай даңғылымен батыс бағытта жүріп келе жатып аялдама кешенінде тұрған 1938 жылғы адамды қағып кетті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан зейнеткер дене жарақаттарын алып, ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ осыған ұқсас жағдай 17 қыркүйек күні Бостандық ауданында Тимирязев көшесінде болған.

Полиция мәліметінше, Тимирязев көшесімен батыс бағытта жүріп, солға бұрылған қоғамдық көлік 1947 жылғы адамды қаққан. Зейнеткер көшені өтуге болмайтын жерден жүріп бара жатқан.

Оқиға салдарынан жарақат алған тұрғын ауруханаға жатқызылды. Ал, Бостандық ауданының полиция басқармасы жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға кірісті.