Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Жамбыл облысында көлік апатынан 7 адам қаза тапты

Жамбыл облысында үш көлік соқтығысып, 7 адам көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жамбыл облысында көлік апатынан 7 адам қаза тапты
фото: beigenews

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 16 қыркүйекте кешкі сағат 18:30-да «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолының 526 шақырымында болды.

Cadillac Escalade жүргізушісі алдағы келе жатқан көлікті басып озбақ болған сәтте жолдың қарсы бағытындағы DAF жүк көлігіне, содан кейін «Газельге» соғылған. Көлік апаты салдарынан 37 жастағы «Газель» жүргізушісі, 30 жастағы Cadillac Escalade жүргізушісі, көлікте отырған 5 жолаушы көз жұмды. Оның арасында 2 жасар бала бар.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.