Прямая трансляция

Астана

Астана

1°C

Алматыда биіктен құлаған екі оқушы қыздың мәйіті табылды

Алматыдағы тұрғын үйдің жанынан екі оқушы қыздың мәйіті табылды. Бұл ақпаратты полиция растады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда биіктен құлаған екі оқушы қыздың мәйіті табылды
Фото: istockphoto.com

Сұмдық оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған еді. Полиция біздің редакцияға оқиғаны растады. Бірақ, қыздар қандай жағдайда және не үшін секіргені әзірге хабарланып отырған жоқ.

«Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», - деді Алматы полициясының баспасөз қызметі.