Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Астанада оқушыларды ұрып-соққан ұлдар «мектеп ішіндегі бақылауға» тап болды

Астанада Ы.Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясының оқушылары қатарластарына буллинг жасап, оны видеоға түсіргенін жазған едік. Оқиғаға қалалық білім басқармасы назар аударды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астанада оқушыларды ұрып-соққан ұлдар «мектеп ішіндегі бақылауға» тап болды
фото: видеодан скриншот

«Қазір видеодағы оқушылардың жеке бастары анықталды. Мектеп басшылығы мен полиция инспекторы балалардың ата-аналарымен, оқушылардың өздерімен сөйлесті. Оқушылар сұралды. Төбелескен балалар мектеп ішіндегі бақылауға алынды», - деп хабарлады білім басқармасы.

Осы орайда редакция «мектеп ішіндегі бақылау» деген түсініктің мән-жайын сұрады.

«Мектепішілік бақылауда аясында: білім алушылардың қылмыстарын, құқық бұзушылықтарын, қоғамға жат әрекеттерін жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою бойынша профилактикалық жұмысты ұйымдастыру;

білім алушылардың ата-аналарының құқықтық мәдениетін және әлеуметтік-педагогикалық құзыреттілігін арттыру;

әлеуметтік қауіпті жағдайдағы балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын және демалысын қамтамасыз ету, кешенді әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігін қалыптастыру шаралары өтеді», - деп нақтылады білім басқармасы.