Прямая трансляция

Астана

Астана

1°C

Белгілі қазақстандық актер қайтыс болды

Үсіпхан Әбдікерімұлы 1960 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Игілік ауылында дүниеге келген.

Белгілі қазақстандық актер қайтыс болды

1979 жылы Республикалық Эстрада-өнер студиясын бітіріп, Алматы облыстық филармониясына жұмысқа қабылданды.

1983 жылы Т. Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институтына оқуға түсті.

1999 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

«Желтоқсан көтерілісінің» қаһарманы, «Құрмет» орденінің иегері (2019ж.), "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалінің иегері (2016ж.), "Мәдениет саласының үздігі" медалінің иегері (2018ж.).